Жаңа Конституцияда басты назар білімге, ғылымға және мәдениетке аударылған - Асхат Аймағамбетов

Бүгін, 17:15
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Жаңа Конституцияда басты назар білімге, ғылымға және мәдениетке аударылған - Асхат Аймағамбетов
Фото: Асхат Аймағамбетовтың жеке парақшасынан

Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа Конституция жобасындағы ғылым мен білімге арналған баптарға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz  ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына сілтеме жасап.

«Жаңа Конституцияда преамбуладан бастап негізгі мәтінге дейін басты назар білімге, ғылымға, инновация мен мәдениетке аударылған. Бұл – өте маңызды басымдық. Қарапайым тілмен айтқанда, оның біздің өмірімізге әсері қандай? Ең алдымен, бұл аталған салаларды тұрақты қаржыландыруға, қосымша инвестиция тартуға және қолданыстағы қаржыны сақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, мұғалімдер мен ғалымдардың жалақысын қысқарту немесе осы салалардың бюджетін азайту енді тек белгілі бір бағдарламаның шеңберіндегі мәселе емес, конституциялық деңгейдегі жауапкершілікке айналады», - деді Асхат Аймағамбетов.