Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет эволюциясының негізін қалыптастырады – Бақыт Нұрмұханов

Бүгін, 17:10
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет эволюциясының негізін қалыптастырады – Бақыт Нұрмұханов
Фото: Конституциялық Сот

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекеттің дамуындағы стратегиялық міндеттерге жауап беретінін және Қазақстан мемлекеттілігінің негіздерін нығайтуға бағытталғанын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Конституциялық Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның сөзінше, жобада ұсынылған жаңашылдықтар елімізде қалыптасқан мемлекеттіліктің конституциялық негіздерін күшейте отырып, қайта бекітеді. Адам құқықтары мен Конституция негізінде құқық үстемдігін қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар жасайды.

Спикер Конституция жобасындағы ережелер «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының логикасына сай келетінін, елдің одан әрі дамуы үшін мызғымас институционалдық негіз қалыптастыратынын атап өтті.

«Конституция жобасына енгізілген ережелер қоғам мен мемлекет эволюциясының жаңа бір кезеңін ашуға негіз қалайды», - деді Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.

Сонымен бірге, Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ, белсенді азаматтар мен ұйымдардың ұсынымдары ара қарай жұмыс барысында да құнды азық болатынын жеткізді.

Жаңа Конституция қанша бөлім және баптардан тұратыны белгілі болғанын жаздық.