Жаңа Конституция Әділетті Қазақстан қағидаттарын бекітті
Қазақстанның жаңа Конституциясында мемлекеттің дамуындағы негізгі құндылықтық бағдарлар, атап айтқанда «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп» қағидаттары, сондай-ақ егемендік, ұлттық бірлік және азаматтардың құқықтарын қорғау басым бағыттар ретінде бекітілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жаңа Конституцияда «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттары Негізгі заңның кіріспесінде көрініс тауып, әділетті мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етуге, заң үстемдігін нығайтуға және мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға бағытталған стратегиялық бағдар ретінде айқындалған.
Сонымен қатар Конституцияда мемлекеттің іргелі қағидаттары ретінде егемендік, ұлттық бірлік, қоғамдық келісім, тұрақтылық, азаматтардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау бекітілген.
Бұл адам құқықтарын қамтамасыз ету мен елдің орнықты дамуы мемлекеттік саясаттың басты негіздерінің бірі екенін білдіреді.