«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында елорда прокуратурасы мектеп оқушыларына дәріс өткізді

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында елорда прокуратурасы мектеп оқушыларына дәріс өткізді
Фото: Астана қаласы прокуратурасы

Астанадағы №57 орта мектепте қала прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуымен арнайы профилактикалық дәріс өткізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz прокуратураға сілтеме жасап.

Кездесу өмірлік жағдайларды модельдеу элементтері бар интерактивті форматта ұйымдастырылды. Қатысушылар ұйымдастырушылармен бірге түрлі әрекеттердің ықтимал құқықтық салдарын талқылап, оларға құқықтық баға берді.

Дәріс барысында қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс ережелері, сондай-ақ жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар – алаяқтық  дропперлік, есірткі қылмыстары және басқа да қылмыстық әрекеттер үшін заңды жауапкершілік түрлері түсіндірілді.

Сонымен бірге, рөлдік ойындар өткізілді, олардың барысында мектеп оқушылары ойын қатысушылардың әрекеттерін өздері бағалап, заңдық сауаттылығын көрсетті.


Іс-шарамен 8-9 сыныптардың 30 оқушысы қамтылды.

Мұғалімдердің ерекше бақылауындағы, сондай-ақ қосымша құқықтық қолдауды қажет ететін жасөспірімдермен жұмысқа айрықша назар аударылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдердің қылмыстық схемаларға тартылу қаупін төмендету, қылмыстарға деген төзбеушілік қалыптастыру.

Қала прокуратурасы білім беру мекемелеріндегі профилактикалық жұмыс кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың негізгі құралы екенін атап өтеді.