Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды

Бүгін, 13:35
Думан Аманжол Думан Аманжол
Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды
Фото: freepik.com

Жамбыл облысының Қордай ауданында жаңа туған нәресте қоқыс контейнерінен табылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға Гвардейск гарнизоны аумағында болған. Қоқыс контейнерлерінен табылған нәресте қыз бала екені анықталды. 

Осыған байланысты Жамбыл облысының Полиция департаменті түсініктеме берді. Полиция мәліметінше, жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта баланың анасының жеке басын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта нәресте медициналық мекемеге орналастырылды. Жағдайы тұрақты, өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмеді.

Еске салсақ, Астанада иісшіл полиция иті жоғалған баланы тез табуға көмектесті.