Астанада иісшіл полиция иті жоғалған баланың тез табуға көмектесті
Елордалық полиция анасымен бірге дүкенде болғанда жоғалып кеткен 8 жасар қызды тез арада тапты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Кешке қарай елордалық 102 нөміріне қоңырау шалып, жоғалтып алған қызын тауып беруге көмек сұрады. Сағат 17:00 шамасында олар дүкенге бірге барған, бірақ анасы кассада отырған кезде қыз сыртқа жалғыз шығып кеткен. Баласының жоғалып кеткенін кеш байқаған ана төңіректі тексеріп шығады. Тіпті үйінен де таппайды. Содан соң полицияға хабарласты.
Оқиға орнына Астана полициясының кинологиялық қызмет көрсету орталығының Феликс атты қызметтік иті бар полиция қызметкерлері мен кинолог келді. Қыздың киімін иіскеген Феликс оның ізін тауып, қай бағытта кеткенін көрсетіп берді.
Полиция қызметкерлері баланың кеткен бағыты бойынша іздеуге кірісті. Ақыры қыз бала көшеден табылды.
Бала анасына аман-есен қайтарылды. Полиция, кинолог және иісшіл иттің үйлесімді әрекетінің арқасында іздеу жұмысы сәтті аяқталды.
Астана полиция департаменті ата-аналарға баласын аз уақытқа болса да қараусыз қалдырмауға шақырады. Қоғамдық орындарда баланы үнемі бақылауда ұстап, қауіпсіздік ережесін алдын ала түсіндіру маңызды.
Еске сала кетсек, елорда полициясының Кинологиялық қызмет орталығы кішкентай төрт аяқты көмекшілермен толықты.