27.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін жаңа химия зауытының құрылысы басталды

|
Photo: ҚР Энергетика министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін жаңа химия зауытының құрылысы басталды

|
Photo: ҚР Энергетика министрлігі

Жамбыл облысында жылына 25 мың тонна натрий цианидін шығаратын жаңа химия зауытының құрылысы басталды. Жоба 2027 жылдың наурызында толық іске қосылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Экономика министрлігіне сілтеме жасап. 

Зауыт «Химпарк Тараз» арнайы экономикалық аймағында салынып жатыр. Өндіріс ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолияға экспорттауға мүмкіндік береді. Бұл химия және қайта өңдеу өнеркәсібінің өңірлік және ұлттық деңгейде дамуына елеулі серпін береді.

Жоба аммиак пен каустикалық сода бойынша ішкі нарықты шамамен 50%-ға кеңейтуге, сонымен қатар ілеспе салалардың дамуына ықпал етеді. Кәсіпорын іске қосылғанда 108 тұрақты жұмыс орны ашылады, ал құрылыс кезеңінде 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Жыл сайын республикалық бюджетке шамамен 500 млн теңге салық түседі деп күтіледі.

Инвестициялық жобаны «Altynalmas Reagents» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Компанияның мәліметінше, зауыт Орталық Азиядағы тау-кен өндірісі үшін қажетті реагенттерді тұрақты түрде ішкі нарықтан жеткізуді қамтамасыз ететін өндірістік тізбек қалыптастырады.

Құрылысты «Қазақстанның Даму Банкі» қаржыландыруда. 2023 жылдың қыркүйегінде несиелік желі туралы келісім жасалып, 2024 жылдың мамырында алғашқы транш бөлінді. Жобаның жалпы құнының 75%-ын құрайтын 98,8 млн еуро жобалаудан бастап іске қосу жұмыстарына дейінгі барлық кезеңдерді қамтуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗