Жамбылда қоршаған ортаны ластаған кәсіпорынға 54 млн теңге айыппұл салынды

Жамбылда қоршаған ортаны ластаған кәсіпорынға 54 млн теңге айыппұл салынды
Фото: freepik.com

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның қызметін Жамбыл облысының Экология департаменті тексеру барысында ластаушы заттар шығарындылары нормативтерден асып кеткенін анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.

Тазартылған ағынды судың сынамаларында бірнеше ингредиент рұқсат етілген концентрациядан асып түскен. Ол оттегіні химиялық тұтыну, темір, нитрит, фосфат, оттегіні биологиялық тұтыну-5 және нитрат.

«Экологиялық кодекс нормаларын елеулі бұзған кәсіпорынға хаттама толтырылды. Сотта кәсіпорын директоры хаттамада көрсетілген жағдайды мойындады, бірақ ағынды судың хаттамада көрсетілген көлемнен едәуір аз болғанын мәлімдеді. Сотқа тексеру нәтижелері, кемшілікті жою туралы нұсқама, суды сынау хаттамасы, нақты төгілген судың мөлшері туралы анықтама, сондай-ақ зертханалық зерттеулері ұсынылды», делінген хабарламада.

328-бабы 1-бөлігі бойынша заңды тұлғаға 78,5 млн теңге айыппұл белгіленді. Аталмыш кодекстің 829-11-бабы 2-бөлігіне сәйкес айыппұлдың мөлшері 30% қысқартылды.
Сот кәсіпорынға 54,9 млн теңгеден астам айыппұл тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.
Еске салсақ, астаналық оқушылар суды үнемдеу эко-акциясына қатысып жатқанын хабарлаған едік.