Халықтық Конституция: елордада Жалпыұлттық коалицияның белсенділері үгіт-насихат қағаздарын таратты
Жалпыұлттық коалицияның Астана қалалық филиалы белсенділері елордадағы бірқатар тұрғын үй кешеннің пәтерлеріне және «Астаналық» базарға келушілерге 15 наурыз күнгі референдумға байланысты үгіт-насихат қағаздарын таратты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады; Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгіленген медициналық көмекті ақы төлемей алуға құқылы; Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында арнайы орта білім алуына кепілдік беріледі; Әр адамның еңбек етуге, қызмет пен жұмыс түрін еркін таңдауға құқығы бар; Мемлекет адамның өмір сүруіне және денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді», – деп жазылған үгіт-насихат қағазында.
Бұған дейін «Астана Тазалық» ұжымына жаңа Конституция жобасының маңызды тұстары түсіндірілгені туралы жазған едік.