Халықаралық тасымалдаушының жүк көліктерінің кемінде 50% өзіне тиесілі болуы тиіс

Халықаралық тасымалдаушының жүк көліктерінің кемінде 50% өзіне тиесілі болуы тиіс
Фото: freepik.com

Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті салалық қауымдастықтар және бизнес-қоғамдастықтармен бірлесіп халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жиын барысында мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінен өту мәселесі талқыланды. Сондай-ақ халықаралық тасымалдарға қатысу ережелерінің өзгерістері қаралды.



Негізгі жаңалық – тасымалдаушыда кемінде 50% өзіне тиесілі жүк көлігінің болуы тиіс деген талаптың енгізілуі. Сонымен қатар процестерді цифрландыру, рұқсаттарды есепке алу және тарату жүйесін жетілдіру шарасы көзделген, бұл жүйенің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Кеңеске қатысушылар ұсынылған тәсілдерді қолдады, сондай-ақ реформаны іске асыру кезінде диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Еске салсақ, есірткіге мас күйде жүк көлігін басқарған жүргізуші ұсталды