11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

VI Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан медаль саны бойынша қай орында тұр

|
Photo: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

VI Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан медаль саны бойынша қай орында тұр

|
Photo: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен

Ар-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) VІ Ислам ынтымақтастығы ойындарының кезекті жарыс күні аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан құрамасының қоржыны 5 жүлдемен (1 алтын, 1 күміс, 3 қола) толығып, жалпы есепте 7-орыннан көрінді.

Атап айтсақ, теннистен ерлер құрамамыз топ жарса, ауыр атлетикадан жұлқа көтеруде Едіге Емберді күміс медаль еншіледі. Сондай-ақ отандасымыз серпе көтеру мен қоссайыста екі қолаға қол жеткізсе, жүзуден Айбат Мырзамұратов үздік үштікті түйіндеді.

Назарларыңызға жүлде кестесін ұсынамыз:

1. Түркия – 61 медаль (39 алтын, 13 күміс, 9 қола)

2. Өзбекстан – 28 (8 алтын, 12 күміс, 8 қола)

3. Мысыр – 19 (6 алтын, 4 күміс, 9 қола)

4. Нигерия – 11 (5 алтын, 3 күміс, 3 қола)

5. Индонезия – 18 (4 алтын, 11 күміс, 3 қола)

6. Әзірбайжан – 29 (4 алтын, 9 күміс, 16 қола)

7. Қазақстан – 18 (4 алтын, 6 күміс, 8 қола)

8. Иран – 12 (2 алтын, 2 күміс, 8 қола)

9. Бахрейн – 6 (2 алтын, 2 күміс, 2 қола)

10. Алжир – 11 (1 алтын, 5 күміс, 5 қола).

Ертең ел құрамасы жүзуден (еркін, баттерфляй, шалқалай, эстафета), үстел теннисі (жекелей сын), ауыр атлетика, каратэ (WKF), киберспорт және муайтайдан бақ сынайды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗