Ұлттық банкі жаңа алаяқтық схема туралы ескертті

Ұлттық банкі жаңа алаяқтық схема туралы ескертті
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ұлттық банкі телефон арқылы жасалатын жаңа алаяқтық схема туралы қазақстандықтарға ескеру жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Алаяқтар жеке дерегіңізді пайдаланып, банк не құқық қорғау органы қызметкері ретінде қоңырау шалады. «Картаны бұғаттан шығару» немесе «ақшаны қауіпсіз шотқа» аудару керек екенін айтып, SMS-код пен карта деректерін сұрайды», делінген ескертуде.

Ұлттық банк мынаны қаперде сақтауды сұрайды:

* Банктер SMS-код сұрамайды;

* Карта деректерін беруге болмайды;

* Банкоматта тұрғанда біреудің өтінішімен ақша аудармаңыз.

Бұл – заңға қайшы, дропперлік деп танылатын әрекет.

Ұлттық банк, алаяқтарға тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуді ұсынады.

Еске салсақ, бұған дейін елорда тұрғыны көлік сатып аламын деп 16 млн теңгесінен айырылып қалғаны туралы жаздық.