2025 жылы Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған жүйелі шаралар жүзеге асырылып, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы айтарлықтай артты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Медико-демографиялық көрсеткіштер:
- Орташа өмір сүру ұзақтығы 75,32 жасқа жетті
- Жалпы өлім-жітім 2,5%-ға төмендеп, 3,9 болды
- Ана өлімі 32,4%-ға азайып, 4,8-ге дейін төмендеді
- Нәресте өлімі — 8,6%, бала өлімі — 7,7% төмендеді
- Қатерлі ісік, жүрек-қан тамыр аурулары мен туберкулезден болатын өлім көрсеткіштері республикалық жоспарға толық сәйкес.
Жоғары технологиялы медициналық көмек:
- 15 орган трансплантациясы сәтті жасалды
(2 бауыр, 13 бүйрек)
- 60 күрделі жоғары технологиялы операция орындалды
Ана мен бала денсаулығы:
- АПВ-ға қарсы вакцинация деңгейі — 86%
- 16 медициналық ұйым базасында «Даму және ерте араласу орталықтары» ашылды;
- Балаларға арналған офтальмологиялық және сурдологиялық орталықтар іске қосылды;
- Шалғай ауылдардан келген жүкті әйелдер үшін «Салауатты ана» пансионаттары жұмыс істейді.
Кадрлық әлеует:
- 45 медициналық ұйым, 24 405 медицина қызметкері;
- 251 резидентуралық грант бөлінді;
- 31 дәрігер шетелде біліктілігін
арттырды;
- Жас мамандарға әлеуметтік және тұрғын үй қолдауы көрсетілуде.
Инфрақұрылым:
- Ауылдық жерлерде 55 МСАК нысаны пайдалануға берілді
- Қосымша 36 медициналық нысанның құрылысы аяқталды
- 4 ірі медициналық объектінің құрылысы жалғасуда
Материалдық-техникалық база:
- 2 560 бірлік заманауи медициналық құрал-жабдық;
- МРТ, КТ, УДЗ, маммограф, бейнеэндоскопия;
- 60 реанимобиль, 2 неонаталды жедел жәрдем көлігі;
- Мектептерге 20 стоматологиялық қондырғы, 348 дефибриллятор орнатылды;
2025 жылы атқарылған жұмыстар Түркістан облысында денсаулық сақтау саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтерді.