Түркияда грек-рим күресінен дәстүрлі турнирде Бағдат Сабаз алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 15:58
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Түркияда грек-рим күресінен дәстүрлі турнирде Бағдат Сабаз алтын медаль жеңіп алды
Фото: Астана қаласы әкімшілігі

Түркияның Анталья қаласында күрес түрлерінен Олимпиада чемпиондары Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Аталған жарыста грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары сәтті өнер көрсетіп, жалпы есепте 4 медаль олжалады.

Солардың бірі – ел намысын қорғаған Астана қаласының балуаны Бағдат Сабаз (-67 кг). Ол финалдық белдесуде жарыс қожайынын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.

Нәтижесінде Қонысбек Төкенов баптайтын Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 104 ұпай жинап, 3-орынға тұрақтады.

Еске салайық, бұдан бұрын 2026 жылы отандық спортшылар ірі спорттық додаларда бақ сынайтыны туралы жаздық.