Референдум-2026

Триатлоннан Азия кубогы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 16:04
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Триатлоннан Азия кубогы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Түркістанда өтіп жатқан Азия кубогы кезеңінде төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Ұлдар арасында Рамазан Әйнегов 21:59 нәтижесімен жарысты бірінші болып аяқтап, алтын медаль иеленді. Гор Депершмидт 22:04 көрсеткішімен екінші орынға тұрақтады. Ал Ресей спортшысы Илья Зотов 22:12 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.

Қыздар арасындағы жарыста Алуа Нұрмұхамет 25:26 уақыт нәтижесін тіркеп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Калерия Шнайдер 25:48 нәтижесімен екінші орын алды. Ресейлік Алёна Лопатина 25:50 көрсеткішімен үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бір күн бұрын ересектер арасындағы жарыста Арлан Жаңабай күміс медаль жеңіп алған еді.