Референдум-2026

Төлеген Қуанышев: Қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптейтін маңызды күн

Төлеген Қуанышев: Қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптейтін маңызды күн
фото: Төлеген Қуанышевтің жеке архивінен

Елімізде шілде айының бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Биыл бұл күн бесінші шілдеге сәйкес келіп тұр. Осы мерекеге орай «Күй анасы» қоғамдық қо­ры­ның басшысы, Дина Нұр­пейісованың шөбересі Төлеген Қуанышев құттықтау тілегін жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Астана ақшамы» газетіне сілтеме жасап. 

- Бұл мереке қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптейтін маңызды күн болып табылады. Бұл қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыратын күн. Мұң-қайғысын, қуанышын домбыраның үнімен жеткізе білген қазақ халқы киелі аспапты төріне ілген. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра».  Күй мен жыр өнері – қазақ халқының тарихы мен мәдениеті рухани байлығының ең киелі де қасиетті түрі. Ғасырлар бойы дамып жеткен бұл өнер бүгінде ұлттық мәдени құндылықтарымыздың бірі болып саналады. Рухани байлығымызды жастарға жеткізіп, насихаттау – республикалық «Күй анасы» қорының басым бағыттарының бірі. Қор елордада «Күйшілер» аллеясының ашылуына, Дина Нұрпейісова ескерткіші мен домбыра инсталяциясының қойылуына бастамашы болды. Д.Нұрпейісованың орындауында 24 күй QR-кодқа түсіріліп, күйші жайлы жинақ жарық көрді. Осынау мерейлі мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтаймын, ұлттық өнеріміз дами берсін, - деді «Күй анасы» қорының басшысы Төлеген Қуанышев.