09.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Тоқаев Түркияға ресми сапармен келді

|
Photo: Фото: Ақорда
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Тоқаев Түркияға ресми сапармен келді

|
Photo: Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысын күтіп алу үшін трап алдында құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесті

«Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймы», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Ертең, яғни 29 шілде күні мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗