Тоқаев Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

26 қазан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тоқаев Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Президент Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар екіжақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.