Талғат Рахманберді: Конституцияның жаңартылған жобасы – ел дамуының жаңа кезеңіне бастар маңызды құжат

Бүгін, 10:26
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Талғат Рахманберді: Конституцияның жаңартылған жобасы – ел дамуының жаңа кезеңіне бастар маңызды құжат
Фото: instagram.com/talgat_rakhmanberdi

Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Талғат Рахманберді жаңа Конституция жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Өткен аптада Мемлекет басшысының бастамасымен еліміз үшін маңызды әрі тарихи құжат – Конституцияның жаңартылған жобасы таныстырылды.

Конституцияның жаңартылған жобасы – ел дамуының жаңа кезеңіне бастар маңызды құжат.

Ата заңға енгізіліп отырған өзгерістер мемлекетті басқару жүйесін жетілдіруге, саяси жаңғыруды қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған.

Жаңартулар қоғамдық сұраныстар мен заманауи сын-қатерлерді ескере отырып әзірленді.

Құжатта заң үстемдігі, әділдік пен жауапкершілік қағидаттары басты назарға алынып, азаматтық қоғамды дамытуға ерекше мән берілген.

Жаңартылған Конституция жобасы мемлекет пен қоғамның дамуына бағытталған негізгі құндылықтарды жүйелеп, елдің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарды іске асыруға берік негіз қалыптастыратынына сенеміз», - деді .

Еске салсақ, жақында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланған болатын.