Референдум-2026

Сығанақ көшесінің Арыс көпіріне дейінгі бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Сығанақ көшесінің Арыс көпіріне дейінгі бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бүгіннен бастап үш күн ішінде Сығанақ көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. 

«9–16 шілде аралығында Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Арыс көпіріне (М-3) дейінгі учаскесінде жол жабынының үстіңгі қабаты төселенді. Аталған учаске кезең-кезеңімен жабылады», делінген хабарламада.

Осыған байланысты көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.


Жүргізушілер өз бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысындағы өзгерістерді ескеруі қажет. 

Еске сала кетсек, Астанада мас күйде көлік басқарған 18 жүргізуші ұсталды.