Референдум-2026

Швейцариядағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды

Бүгін, 10:08
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Швейцариядағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды
Фото: olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

28-30 тамыз аралығында өтетін бәсекеге қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі төмендегідей:

Ерлер

60 келіге дейін: Талғат Орынбасар, Шерзод Давлатов

66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов

73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Бақытжан Абдурахманов

81 келіге дейін: Әділет Алмат, Абылайхан Жұбаназар

90 келіге дейін: Айдар Арапов

100 келіге дейін: Марат Байқамуров

100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер

57 келіге дейін: Дана Әбдірова

70 келіге дейін: Ажар Асхат

78 келіге дейін: Аружан Жангелдина

78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Бұған дейін қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтағанын жаздық.