Үндістанның Дели қаласында бокстан әлем кубогының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шешуші кезеңге шыққан қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы өзбекстандық қарсыласы Жасурбек Юлдошевті 4:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы жарыстағы өнерін аяқтады. Команданың қоржынында жалпы сегіз медаль бар: бір алтын, бір күміс және алты қола.
Нью-Делиде өткен World Boxing ұйымының соңғы кезеңінде 85 келіге дейінгі салмақта өткен тартысты жекпе-жекте Айбарұлы үш раунд бойы айқын мінез танытып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, әлем кубогына Қазақстан атынан барлығы 13 боксшы қатысты: сегізі – ерлер құрамасынан, бесеуі – әйелдер құрамасынан. Жалғыз алтын медальді елге Сұлтанбек Айбарұлы сыйлады.