Референдум-2026

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығы өкілдері марапатталды

Бүгін, 16:52
Думан Аманжол Думан Аманжол
Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығы өкілдері марапатталды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Отандық спорт пен олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан үлесі үшін спортшылар, жаттықтырушылар және спорт саласының мамандары Ұлттық олимпиадалық комитеттің «Құрмет» белгілерімен марапатталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі Құрмет белгісімен:

Назым Қызайбай - 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, бокстан 2025 жылғы әлем чемпионы;

Нұрбек Оралбай - 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері;

Айбек Оралбай - бокстан 2025 жылғы әлем чемпионы; Елдос Сайдалин - бокстан Қазақстан Республикасы әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері;

Асқар Еркебаев - бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы;

Дархан Қызайбаев - «Қазақстан бокс федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті;

Сағындық Мекеев - Қазақстан Республикасының аралас жекпе-жек (ММА), панкратион және грэпплинг ұлттық федерациясының президенті.

«Қазақстан Республикасы Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» II дәрежелі Құрмет белгісімен:

Сергей Шевченко - ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының жаттықтырушысы;

Долкунжан Камеков - бокстан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы.

«ҰОК-нің құрмет белгілері спорт пен олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан елеулі үлесі, кәсіби жетістіктері, сондай-ақ, қазақ спортын өркендетуге және жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауға бағытталған көп жылғы еңбегі үшін табысталады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда Спорт күні жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Еске салсақ, Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды.