Созақта заңсыз алтын өндірген бір топ адам ұсталды

Созақта заңсыз алтын өндірген бір топ адам ұсталды
Фото: freepik.com

Түркістан облысының Созақ ауданында алтын құрамды учаскелерді өз бетінше игерумен айналысқан 12 адам анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Тексеру барысында олардың рұқсат құжатынсыз, экологиялық заңнаманы және өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып, шамамен 451 грамм алтынөндіргені анықталды.

Қазір Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1 және 3-бөліктерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 5 күдікті үйқамаққа алынды.

Прокуратура заңсыз пайдалы қазба өндіру экологияға елеулі қауіп төндіретінін, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін және оған қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.