Шорт-тректен әлем чемпионатына баратын Ұлттық құрама спортшылары анықталды

Шорт-тректен әлем чемпионатына баратын Ұлттық құрама спортшылары анықталды
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

13-15 наурыз аралығында Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеге Қазақстан командасы да аттанды.

Жарыста Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар тізімін ұсынамыз:

Ерлер - Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Айбек Нәсен;

Әйелдер - Ольга Тихонова, Алина Ажғалиева, Яна Хан, Малика Ермек.

Бүгінде жарысқа 40-қа жуық мемлекеттің 200-ден астам спортшысы тіркеліп үлгерді.

Еске сала кетсек, елордалық арулардың 2026 жылдағы спорттағы жарқын жетістіктерін оқырман назарына ұсындық.