Шорт-трекші Абзал Әжғалиев елордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Шорт-трекші Абзал Әжғалиев елордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Фото: ҰОК/Сәли Сабыров

Атақты елордалық спортшы Абзал Әжғалиев астаналық тұрғындарға жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.

«Құрметті қазақ елі! Наурыз мерекесі құтты болсын!

Ата-бабамыз бұл күнді «ақ түйенің қарны жарылған», «Самарқанның тасы еріген» қасиетті күн деп бағалаған. Ұлыстың ұлы күні – береке мен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың бастауы.

Бірлігіміз жарасып, ынтымағымыз арта берсін!
Жылдан-жылға өсіп-өркендеп, жақсы жаңалықтарымыз көбейсін!
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен молшылық тілеймін.

Бұл күнді ата-бабамыз жылдың басы деп есептеген. Туған жерім – Оралда бұл мереке көрісу күнінен бастау алады.

Жыл құтты болсын!», - деді Абзал Әжіғалиев.

Айта кетейік, Абзал Әжғалиев шорт-тректен төрт қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан және әлем кубогының кезеңінде жеңіске жеткен бірінші отандық спортшы саналады.