02.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Сіздің атыңыздан аудио жолдау үшін алаяқтарға даусыңыздың 30 секунды жеткілікті – сарапшы

|
Photo: Ришат Иркабаев
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Сіздің атыңыздан аудио жолдау үшін алаяқтарға даусыңыздың 30 секунды жеткілікті – сарапшы

|
Photo: Ришат Иркабаев

Жақыныңызға сіздің атыңыздан аудиохабарлама жолдау үшін алаяқтарға 30 секундтық даусыңыз жеткілікті. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің превенция және аналитикалық әзірлемелер департаменті басшысының орынбасары Андрей Давыдов Астанада өткен «Цифрлық қауіпсіздік сабақтары» форумында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Дипфэйк – алаяқтардың тұрғындарды алдаудың жаңа тәсілі. Сарапшы тұрғындарды барынша сақ болуға шақырды.

«Егер жақыныңыз сізден дауыстық хабарлама арқылы қаржылай көмек сұраса, ең алдымен оның жеке телефон нөміріне қоңырау шалып, тексеріңіз. Себебі алаяқтарға дипфэйк жасау үшін дауысыңыздың 30 секунды жеткілікті. Мысалы, сізге жақын туысыңыздан немесе анаңыздан дәріге немесе ота жасатуға қаражат сұраған дауыстық хабарлама келуі мүмкін. Сол кезде ақша жолдамас бұрын, бірден қоңырау шалыңыз. Дипфэйкті шынайы дауыстан ажырату қиын болуы мүмкін. Алаяқтарда тіпті «айналайын» деген сөзді де қолданып, жақыныңыздың дауыс ырғағын дәлме-дәл келтіру мүмкіндігі бар», - деді Андрей Давыдов.

Бұған дейін ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің превенция және аналитикалық әзірлемелер департаменті басқармасының басшысы Медет Несіпбектің ұялы телефонның қауіпсіздігі туралы айтқанын жазған болатынбыз

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗