03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Сенат Жоғарғы Соттың үш судьясын қызметінен босатты

|
Photo: Фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Сенат Жоғарғы Соттың үш судьясын қызметінен босатты

|
Photo: Фото: freepik.com

Сенат депутаттары жалпы отырыста Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатуға дауыс берді, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Сенаторларға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынуын Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов таныстырды.

«Сіздердің қарауларыңызға Ғабит Әлжановты, Роза Жакудинаны және Тыныштық Молдахметованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Соттың судьясы лауазымдарынан босату туралы мемлекет басшысының ұсынуы енгізілді.

Үш судьяның да судьялық тәжірибесі үлкен (шамамен 30 жыл) және мінсіз беделі бар, сот қауымдастығында зор құрметке ие. Олардың сот төрелігіне адалдығы мен сот жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесін ескере отырып, олар құрметті зейнеткерлікке шығу құқығына лайық», - деді ол.

Сенаторлар мемлекет басшысының ұсынуын қолдады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗