Сенаттың жалпы отырысында депутаттар ТМД елдерінде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау мәселесі көзделген құжатты қарап, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты көздейтін келісімді талқыға салады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Айта кетейік, 10 қарашада Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Онда бүгінгі отырыстың күн тәртібіне мына мәселелерді шығару туралы шешім қабылданды:
1.«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
2.«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.