05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Сенат электрондық саудаға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа ережелерін мақұлдады

|
Photo: Фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Сенат электрондық саудаға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа ережелерін мақұлдады

|
Photo: Фото: freepik.com

Сенат Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартына енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Ратификацияланған хаттаманың ережелері электрондық сауданы реттейді, деп хабарлады Elordainfo.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаттың баспасөз қызметінің мәліметінше, құжатта «электрондық сауда операторы» және «электрондық сауда арқылы сатып алынатын тауарлар» ұғымдары нақтыланған. Енді мұндай тауарларды электрондық кедендік декларацияны қолдану арқылы оңайлатылған тәртіппен рәсімдеуге болады.

Бұдан бөлек электрондық саудаға қатысушылар үшін арнайы кедендік рәсімдерді қолдану мүмкіндігі енгізілген. Бұл тауарларды рәсімдеу уақытын қысқартуға және әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Заң бойынша ЕАЭО елдеріне бірыңғай тәсіл енгізіледі және кәсіпкерлер мен сатып алушылар үшін трансшекаралық транзакциялар жеңілдейді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗