Референдум-2026

Семей – Астана бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылады

Бүгін, 16:34
Думан Аманжол Думан Аманжол
Семей – Астана бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылады
Фото: Абай облысының әкімдігі

3 тамыздан бастап «Семей – Астана – Семей» бағытында сыйымдылығы 78-ден 84 орындыққа дейінгі «Bombardier Q-400» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Рейсті «Vietjet Qazaqstan» әуе компаниясы жүзеге асырады.

«Жолаушылар аптасына 4 рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайтын болады. Билет бағасы 20 мың теңгеден басталады. Болашақта жолаушылар сұранысына байланысты аптасына жеті рейске дейін көбейту жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Ұшу кестесіне сәйкес ұшақ Астанадан 07:45-те ұшып, Семейге 09:20-да келеді. Ал Семейден 09:40-та ұшып, Астанаға 11:20-да қонады. Ұшу ұзақтығы 1 сағат 35 минутты құрайды.

Жаңа бағыт Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, «Самұрық Қазына» әл-ауқат қоры мен Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ашылды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Семей қаласынан «Семей – Алматы», «Семей – Астана», «Семей – Үржар», «Семей – Қарағанды» бағыттары бойынша әуе рейстері орындалуда. Аталған рейстерді «FlyArystan», «Оңтүстік аспаны», «SCAT» әуе компаниялары жүзеге асырып келеді.

Еске салсақ, Астана мен Шанхай арасында тікелей әуе рейсі ашылатынын жаздық.