Рүстем Тәуекелов: Жаңа Конституция – ел дамуының сапалы кезеңі
Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі Рүстем Тәуекелов Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған конституциялық реформа Қазақстанның саяси және қоғамдық дамуын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Рүстем Тәуекелов жаңартылған Конституция жобасы мемлекеттің басты құндылығы – адам және оның қадір-қасиеті екенін айқындай түсетінін атап өтті.
Оның айтуынша, Ата заңға енгізілетін өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтып, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге мүмкіндік береді.
«Жаңартылған Конституция – мемлекетті басқару жүйесін заманауи талаптарға сай жетілдіруге бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар жергілікті басқару органдарының рөлі артып, азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндігі кеңейеді», – деді аудан әкімі.
Аудан әкімінің сөзінше, бұл бастама бір сәттік өзгеріс емес, ел болашағына бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық таңдау. Әділетті, құқықтық әрі тұрақты Қазақстанды қалыптастыру жолында әр азаматтың белсенділігі ерекше маңызға ие.
«Жаңа Конституция – мемлекет пен қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Бұл құжат біздің мемлекеттік дәстүріміздің кемелденгенін және болашаққа сенімді қадам жасап отырғанымызды көрсетеді», – деп түйіндеді Рүстем Тәуекелов.
Еске салайық, жаңа Конституция жобасы дипломатиялық корпус пен халықаралық институттарға таныстырылды.