Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе – РФ шекарасы (Орск бағыты)» автожолы жөндеуден өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz QazAvtoZhol-ға сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе – РФ шекарасы (Орск бағыты)» автожолының бірқатар учаскесінде (16-46, 70-100, 100-136 шақырым аралығы) жөндеу жұмыстары аяқталды. Орташа жөндеуден өткен жолдың жалпы ұзындығы 96 шақырымды құрайды. Аталмыш жолда соңғы рет жөндеу жұмыстары 2017-2019 жылдары жүргізілді.
Жекелеген учаскелерде салқын ресайклинг әдісі қолданылып, қиыршықтасты-мастикалық қоспадан жол жабыны төселді. Сондай-ақ, жол жиегі нығайтылып, жол таңбалары мен белгілері жаңартылды. Су өткізгіш құбырлар жөнделіп, кейбірі толық ауыстырылды. Жол бойында ақпараттық паннолар қойылды, екі автопавильон мен дәретхана салынды.
Келесі жылы жолдың қалған 24 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жалғасады. Осылайша, ұзындығы 120 шақырымдық жол бөлігі толығымен жаңартылатын болады.
Сонымен қатар, ауыр жүк көліктердің қозғалысын бақылау және жол жабындысының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жолдың 17-шақырымында автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылады.