20.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Республикалық бюджет әлеуметтік салаға бағдарланған күйінде қалып отыр – Үкімет

|
Photo: Үкімет
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Республикалық бюджет әлеуметтік салаға бағдарланған күйінде қалып отыр – Үкімет

|
Photo: Үкімет

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралған Сенат отырысында қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы бюджеттің негізгі параметрлері туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол республикалық бюджет әлеуметтік салаға бағдарланған күйінде қалып отырғанын айтты. Алайда, осы саладағы шығыстардың тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар құрылымдық реформа жүргізілді:

-адами факторды барынша азайту мақсатында төлемдерді тағайындау цифрлық тетіктерге көшірілді;
-медициналық көмектің жекелеген түрлері тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакетінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне ауыстырылды;
-мәдениет нысандарын кірістерін арттыру жолымен өзін-өзі қаржыландыруға ішінара ауыстыру жоспарланып отыр.

«Осылайша, 2026 жылы әлеуметтік салаға 10,8 трлн теңге бағытталатын болады, оның ішінде 6,8 трлн теңге – әлеуметтік төлемдер және 4 трлн теңге – адами капиталға арналған инвестициялар», - деді қаржы вице-министрі.

2026 жылы нақты секторды дамытуға 3,6 трлн теңге бөлінді, оның ішінде:
-1,2 трлн теңге инфрақұрылымға және базалық салаларға;
-1,6 трлн теңге өндірістік бағытқа және аграрлық секторға;
-754 млрд теңге бизнесті қолдауға және табиғатты қорғауға жұмсалады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗