Елордалық құрылысшылар «Таза Қазақстан» экоакциясына тұрақты қатысып келеді
Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды бастамасы аясында экологиялық айлық жалғасып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Іс-шараларға құрылыс саласының өкілдері белсенді қатысып, акцияны қолдап келеді. Кезекті экошараға елордада 5 мыңнан астам құрылысшы қатысты.
Қаланы санитарлық тазарту жұмысына BI Group, Sensata Group, «Integra Construction KZ», Sat NS, Beles Holding, SvoyDom, NAK және басқа да компаниялар қатысты.
«Экологиялық айлықтың негізгі мақсаты - тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға, ұқыпты қарауды дәріптеу және тұрғындардың аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің жай-күйіне жауапкершілігін арттыру» , делінген хабарламада.
Осы орайда әрбір тұрғын мен әрбір ұйым көшелер мен аулаларды абаттандыруға өз үлесін қосып, қаланы таза, жайлы әрі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз етуге атсалыса алады.



Қала әкімдігі МИБ (ПИК), бизнес өкілдерін, еріктілерді және белсенді тұрғындарды акцияға қатысуға және қалалық ортаны жақсартуға өз үлес қосуға шақырды.