Құрылтай жұмысы ел дамуына серпін береді - ғалым

Бүгін, 16:43
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Құрылтай жұмысы ел дамуына серпін береді - ғалым
Фото: Өтемұрат Сағындықовтың жеке архивінен

Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Өтемұрат Сағындықов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясында көтерген мәселелерді қолдап пікір білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ол Құрылтай жұмысы нақты нәтижелерге бағытталып, елдің жан-жақты қарқынды дамуы күтілетінін айтты.

«Бүгін бір палаталы Құрылтайдың алғашқы отырысы  Мемлекет басшысы және 145 депутаттың қатысуымен өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Құрылтай билік жүйесін түбегейлі жаңғыртады, бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін береді. Құрылтай ұлттық заңнама сапасын арттыру арқылы еліміздің құқықтық негізін нығайта түседі» деп айтқанындай, бұл тарихи оқиғаның бастамасында құрылтайлықтар жасанды интеллектті білім жүйесіне енгізу, сандық активтер саласын дамыту және тағы да басқа өзекті мәселелерді талқылауға ат салысуда.

Бұл бастама еліміздің әртүрлі салаларының қарқынды дамуына әрі мемлекеттің экономикалық  және демократиялық тұрғыдан өрлей түсуіне өз үлесін қосатынына сеніміміз зор», - деді Ө.Сағындықов.

Еске салайық, бұған дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті аға оқытушысы Жанат Момынқұловтың пікірін берген болатынбыз.