Тұрақтылықты қалыптастырудың демократиялық әдісі ретінде Құрылтай мен Халық кеңесі институты енгізіліп отыр – Ерлан Саиров
Тұрақтылықты қалыптастырудың демократиялық әдісі ретінде Құрылтай мен Халық кеңесі институты енгізіліп отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сарапшылар алаңында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына сілтеме жасап.
«Құрылтайға келетін болсақ, Қазақстанда өте мықты Президент институтын сақтай отырып, Құрылтай арқылы әртүрлі билік тармағында бақылау функциясы артып отыр. Біріншіден, Үкіметті бақылау функциясы. Екіншіден, бюджетті бақылау функциясы. Үшіншіден, мемлекеттік органдарды бақылау функциясы. Егер бюджетті талқылау кезінде Құрылтай бюджетті қолдамаса, онда бұл Үкіметке деген сенімсіздік вотумы болып саналады. Екіншіден, депутаттардың үштен екісі белгілі бір министр өзінің қызметін орындай алмай жатыр деген шешім қабылдаса, онда Президент сол министрді қызметтен алуға міндетті болады», - деді Ерлан Саиров.
Бұған дейін Астанада конституциялық реформа аясында жаңа саяси институттар талқыланғанын жаздық.