Референдум-2026

Құрылтай депутаттарының сайлауы: елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін онлайн біле алады

6 тамыз, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Құрылтай депутаттарының сайлауы: елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін онлайн біле алады
Фото: Elordainfo.kz

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 23 тамыз күні өтеді. Осыған орай елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін онлайн біле алады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Сайлау учаскесі туралы мәліметті нақты уақыт режимінде келесі тәсілдер арқылы білуге болады:

Ресми веб-сервис арқылы: https://sailau.astana.kz/ 
- Telegram чат-боты арқылы: https://t.me/sailau_astana_bot 
- iKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмірі арқылы.

«Азаматты белгілі бір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізудің негізі оның сол сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелуі болып саналады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, шет мемлекеттерде учаскелік сайлау комиссиялары құрылатынын жаздық.