Референдум-2026

Қуат Ахметжан: Астана – армандарға жол ашқан қала

Қуат Ахметжан: Астана – армандарға жол ашқан қала
Фото: instagram.com/kuat_akhmetzhanov

Медиа саласының өкілі, белгілі диктор Қуат Ахметжан елордалықтарды Астана күнімен құттықтап, шаһардың өз өміріндегі айрықша орны туралы айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл Астанаға қоныс аударғанына 13 жыл толып отыр.

«Осы жылдар ішінде бұл қала мен үшін жай ғана елорда емес, армандарым орындалған, өміріме жаңа бағыт берген қасиетті шаһарға айналды. Осы қалада медиа саласында еңбек етіп, кәсіби тұрғыдан шыңдалдым. Елімізге танымал көптеген азаматтармен танысып, бірге жұмыс істеудің, тәжірибе алмасудың бақыты бұйырды. Бүгінгі жетістіктеріменің бір бөлігі осы Астанамен тығыз байланысты.

Астана – үнемі алға ұмтылатын, еңбек еткен жанға мүмкіндік беретін ерекше қала. Сондықтан да мен үшін ол – арман қала, шабыт қала, болашаққа бастайтын қала», – деді Қуат Ахметжан.

Сондай-ақ ол елорданың өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

«Елордамыздың еңсесі биіктеп, мерейі үстем болсын! Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Тәуелсіз еліміздің жүрегі – Астанамыз мәңгі жасай берсін! Астана күні құтты болсын!» – деп құттықтады Қуат Ахметжан.