ҚТЖ теміржол желісінде цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ магистральдық теміржол желісін жаңғырту жұмыстарын жалғастырып, елдің негізгі теміржол учаскелерінде цифрлық автобұғаттау жүйесін кезең-кезеңмен енгізіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша цифрлық автобұғаттау жүйесі теміржолдың 1 056 шақырымында іске қосылды, бұл биылға жоспарланған 2 188 шақырымның шамамен жартысын құрайды.
Жыл соңына дейін Тобыл – Қандыағаш және Шалқар – Бейнеу телімдерінің тағы 1 132 шақырымында жұмыстар толық аяқталады.
Цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізу пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, тасымалдау үдерісін тиімді басқаруға және теміржол учаскелерінің өткізу қабілетін 1,5 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Еске салайық, бұған дейін мүгедектігі бар адамдар арнайы орындарға теміржол билетін онлайн рәсімдей алатыны туралы жаздық.