Референдум-2026

Мүгедектігі бар адамдар арнайы орындарға теміржол билетін онлайн рәсімдей алады

Бүгін, 13:56
Думан Аманжол Думан Аманжол
Мүгедектігі бар адамдар арнайы орындарға теміржол билетін онлайн рәсімдей алады
Фото: ҚТЖ

І топтағы мүгедектігі бар адамдарға бұдан былай арнайы орынға билет рәсімдеу үшін теміржол кассаларына барудың қажеті жоқ. Себебі енді оны онлайн жасауға болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомство мәіліметінше, Бас көлік прокуратурасының қадағалау актісінен кейін Көлік министрлігі мүгедектігі бар жолаушыларды автоматты түрде сәйкестендіруді қамтамасыз ете отырып, жүйені жетілдірген. 

«Маусым айынан бастап әлеуметтік маңызы бар поездарда арнайы орындарға билеттерді онлайн рәсімдеу сервисі іске қосылды. Бұл ҚТЖ электрондық билеттеу жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграциялаудың арқасында мүмкін болды», делінген хабарламада.

Нәтижесінде аталған санаттағы 90 мыңға жуық адам теміржол билеттерін онлайн сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Еске салайық, ҚТЖ паркі маусым айында жаңа 50 локомотивпен толықты.