Референдум-2026

ҚТЖ паркі маусым айында жаңа 50 локомотивпен толықты

Бүгін, 13:42
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
ҚТЖ паркі маусым айында жаңа 50 локомотивпен толықты
Фото: ҚТЖ

Биылғы маусымда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ паркі Alstom және CRRC компаниялары шығарған тағы 50 заманауи локомотивпен толықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Локомотивтердің ең көп саны Қандыағаш және Жем локомотив деполарына берілді — әрқайсысына 17 бірліктен. Тағы 9 локомотив Ақтоғай локомотив депосына, 6 локомотив Астана локомотив депосына және 1 локомотив Балқаш локомотив депосына жеткізілді.

2026 жылдың басынан бері барлығы 134 бірлік жаңа тартушы жылжымалы құрам жеткізілді. Олардың қатарында Wabtec және CRRC магистральдық тепловоздары, Alstom электровоздары, сондай-ақ CRRC маневрлік тепловоздары бар. Жаңа локомотивтер Астана, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Мақат, Екібастұз, Жем, Қандыағаш, Ақтоғай және Балқаш локомотив деполарында пайдаланылуда.

Локомотив паркін кезең-кезеңімен жаңарту ҚТЖ-ның кешенді жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Жаңа техника тасымалдау процесінің сенімділігін, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және тартушы жылжымалы құрамның пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұған дейін жыл басынан бері теміржолмен 6 миллионнан астам жолаушы тасымалданғаны туралы жаздық.