03.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қостанайда жасырын есірткі желісін ұйымдастырған топ қатаң жазаға тартылды

|
Photo: Freepik.com
Қостанайда жасырын есірткі желісін ұйымдастырған топ қатаң жазаға тартылды
Фото: Freepik.com

Қостанайда жасырын есірткі желісін ұйымдастырған топ қатаң жазаға тартылды

|

Қостанай қаласында 2023 жылдың қазан айынан бастап жасырын есірткі желісі жұмыс істей бастағаны анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотқа сілтеме жасап.

Тексере келгенде оның ұйымдастырушысы А.Д. екені белгілі болды. Ол құрамында марихуана бар аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сатып алып, анасының гаражында сақтаған. Оның сыбайласы В.Б. тұтынушыларды табумен және ақшалай қаражат жинаумен айналысқан.

Сотталған адамдар өздерінің іс-әрекеттерін білдірмей бүркемелеп атқарған. Ал хат алмасу кезінде арнайы жасырын сөздерді пайдаланған.

Негізгі кездесу авомобильдерге жанармай құю бекетінің аумағында 2024 жылғы 21 қаңтарда өткен. В.Б. тұтынушылардан алған 264 000 теңгені А.Д.-ға бергені белгілі болды. Ал одан сол ақша үшін жалпы салмағы 1 кг-нан асатын 22 оралған марихуана бумасын алған.

Құқық қорғау органдары оларды бұрыннан бақылап жүргендіктен, екеуі де сол күні ұсталды. Тінту барысында А.Д.-ның автокөлігінен есірткі табылды. Ал гараждан 3,5 кг марихуана және есірткі қалдықтары бар электронды таразылар алынды.

Қорғау тарапы үкімге кассациялық тәртіппен шағым түсіріп, дәлелдемелер заң бұзыла отырып алынды деп мәлімдеді.

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 1), 3) тармақтары бойынша саралаудың заңдылығын және тағайындалған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасының әділ әрі сәйкес екенін хабарлады.

Бұған дейін Астанада ер адам есірткі таратып жүрген жерінен ұсталғанын жаздық.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗