06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қостанайда республикалық маңызы бар автожолдардың жөндеу жұмыстары аяқталды

|
Photo: Фото: Freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қостанайда республикалық маңызы бар автожолдардың жөндеу жұмыстары аяқталды

|
Photo: Фото: Freepik.com

Қостанай облысында республикалық маңызы бар KAZ23 «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автомобиль жолының 3–8, 83–96 шақырым аралығындағы учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

Жөнделген жол учаскелері Тобыл қаласынан Әулиекөл елді мекеніне дейін және Новонежинка ауылынан Аманқарағай ауылына дейінгі бағытты қамтиды. Жөнделген жолдың ұзындығы – 17 шақырым.

«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолы стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі. Ол облыс орталығын елордамен байланыстырып, жүк және жолаушы тасымалын қамтамасыз етеді. Аталған бағыт өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауданаралық және қала маңы қатынастарына серпін беріп, тұрғындардың медицина, білім және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін арттырады.

Жөндеу жұмыстары жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, апаттылық деңгейін төмендетуге және трассаның өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік берді.

Аталған жол бөлігінде соңғы рет күрделі жөндеу 2005–2006 жылдары жүргізілген болатын. Уақыт өте келе жол жамылғысы едәуір тозып, шұңқырлар мен ақаулар пайда болған. Орташа жөндеу нәтижесінде жолдың пайдалану сипаттамалары толық қалпына келтірілді.

Жөндеу жұмыстары аясында мынадай негізгі іс-шаралар атқарылды:
- ескі асфальтбетон жамылғысын жону;
- қалыңдығы 6 см төменгі және 5 см жоғарғы қабаттан тұратын ыстық тығыз асфальтбетоннан жамылғыны салу;
- жол жиегін нығайту;
- жол белгілерін орнату және жол таңбаларын сызу.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗