Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтына жаңа басшы тағайындалды

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтына жаңа басшы тағайындалды
Фото: Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Луиза Узарова Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Луиза Узарова А.Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және «Фемида» Құқық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Қарағанды мемлекеттік политехникалық университетінде маман ретінде бастаған.

Луиза Магамедқызы мемлекеттік жастар саясаты, ақпараттық саясат және этносаралық қатынастар салаларында көпжылдық еңбек өтіліне ие. Әр жылдары жастар, сараптамалық-талдамалық және ведомстволық құрылымдарда басшылық лауазымдарды атқарды. Этносаралық қатынастар саласындағы жаңа бағыт – этномедиацияның қалыптасуы мен дамуына белсенді қатысып келеді.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанында құрылды. Институт этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың аналитикалық, зерттеу және сараптамалық сүйемелдеуін қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Астанадағы Ұлттық музей ғимаратында ауқымды этнофорум өтетінін хабарлаған болатынбыз.