14.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанның серпінді жобалары: 17 бастаманың 14-і ҚДБ-мен қаржыландырылады

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанның серпінді жобалары: 17 бастаманың 14-і ҚДБ-мен қаржыландырылады

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанның Даму банкі ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) Қазақстанның 17 серпінді жобасының 14-ін қаржыландыруға қатысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Банктің қатысу үлесі бастамаларға қатысты 2,6 трлн теңгеге жетуі мүмкін. Бұлар ел ішіндегі жалпы сомасы 6,9 трлн теңгеге жоғары технологиялық қайта өңдеу үлесін арттыратын болашақ металлургиялық және агроөнеркәсіптік кластерлер.

Банк Павлодар облысында металлургиялық кластердің бірінші кезегін іске асыруды мақұлдады. Енді Екібастұзда "Mineral Product International" ЖШС қуаттылығы жылына 80 000 тонна ферроқорытпа зауытын салмақ. Оның іске қосылуы Қазақстанның ішкі қайта өңдеу және экспорттық әлеуетін арттырады. 527 тұрақты және 1000-нан астам уақытша жұмыс орны ашылады.

Сараптаманың үшінші кезеңі Қарағанды облысында №8-9 (жылына 2,45 млн тонна кокс) жаңа кокс батареялары мен табиғи газ құбырын салатын "Qarmet" АҚ кешенді жаңғырту жобасынан өтуде. Жоба ішкі металлургияны өзіміз өндірген кокспен қамтамасыз етіп, импортты қысқартуға және өндірістік қуатты арттыруға мүмкіндік береді.

Құжаттарды жинаудың екінші кезеңінде Қостанай облысында жобалық қуаты жылына 2 млн тонна болатын "QazIron" АҚ (ERG) ыстық брикетті темір (ЫБТ) өндіру зауытының жобасы тұр. Ол әлемдік нарықта сұранысқа ие доменсіз, "жасыл" металлургия үшін премиум шикізат шығарып, 3000-ға жуық маманға жұмыс береді.

Қаржыландыру үшін құжат жинаудың бірінші кезеңі қазір Абай облысында қуаты жылына 300 мың тонна мыс болатын "KAZ Minerals Smelting" ЖШС мыс балқыту зауытының жобасы бойынша жүргізілуде. Кәсіпорында мыңдаған тұрақты жұмыс орны ашылып, жоғары экспорттық әлеуеті бар дайын мыс қорытпасы өнеркәсіптік өндірісіне көшуге мүмкіндік береді.

Астанада қарыз алушының өз қаражаты есебінен "Kazak Protein" ЖШС бидай мен бұршақты терең өңдеу бойынша интеграцияланған агроөнеркәсіптік кешеннің құрылысы басталды. ҚДБ-да бұл жоба сараптаманың үшінші кезеңінде. Кәсіпорын тірі бидай глютенін және модификацияланған бидай крахмалын шығарады. Болашақта Қостанай облысындағы Qostanai Grain Industry жобасымен бірлесіп, кәсіпорындар астықты тереңдете өңдеудің және ел үшін стратегиялық маңызды импорттық ингредиенттерді алмастырудың негізіне айналмақ. Сонымен қатар қосылған құны жоғары қазақстандық тереңдетілген экспорттық өнім желісін көбейтеді.

ҚДБ мен оның еншілес ұйымы ӨДҚ қаржыландыруының арқасында қуаттылығы жылына 120 мың автомобильге дейін жететін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендтік зауытын салу жобасы рекордтық мерзімде аяқталды. Бұл өз алаңында бірден үш жетекші қытай брендінің өндірісін біріктірген әлемдегі алғашқы кәсіпорын: Chery, Changan және Great Wall Motor (Haval және Tank).

Барлық жобалар қатаң іріктеу критерийіне жауап береді. Оның құны кемінде 100 млрд теңге, өнімді қайта бөлудің орташа және жоғары деңгейі, стратегиялық маңыздылығы, экспортқа және импортты алмастыруға бағдарлануы есепке алынады.

Анықтама:

Үкімет жалпы құны шамамен 16 трлн теңгені құрайтын, 28 мыңнан астам жұмыс орын ашуды көздейтін 17 ірі жобаның тізбесін бекітті. Бұл жобалар қара және түсті металлургия, мұнай-, газ және көмір химиясы, химия өнеркәсібі, автомобиль өндірісі, туризм және азық-түлік өнеркәсібі сияқты бағыттарды қамтиды.

Қазіргі таңда екі жоба іске қосылды: KIA автомобильдерін шығаратын зауыт және Chery, Haval және Changan маркалы мультибрендті автозауыт. Қалған 15  жоба әртүрлі кезеңде жүзеге асырылып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗