Қазақстандық ватерполшылар Уругвай қақпасына 22 гол соқты
6 тамыз, 2026
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы су добынан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін жалғастыруда, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Үшінші кездесуде қазақстандық спортшылар Уругвай құрамасын ірі есеппен жеңді. Матч 22:5 есебімен аяқталды.
Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Сасин кездесудің үздік ойыншысы атанды. Айта кетейік, бүгін ел құрамасы Түркиямен кездеседі.
Еске салсақ, әлем чемпионатының алғашқы матчында ұлттық құрама Мысырға есе жіберсе, екінші ойында Сингапурдан басым түсті.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Қазақстандық шпагашылар Азия ойындарының чемпиондары атанды
27 қыркүйек, 2026
Алматыда 15-ші Almaty Marathon өтті
27 қыркүйек, 2026
Азиада-2026: Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева алтын медаль жеңіп алды
26 қыркүйек, 2026
Пара дзюдодан елордалық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды