Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында ұлттық дәстүрлерді дәріптеді

Бүгін, 13:57
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында ұлттық дәстүрлерді дәріптеді
Фото: Қорғаныс министрлігі

Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі миссиясы (UNDOF) аясында бітімгерлік тапсырмаларды атқарып жүрген қазақстандық әскери қызметшілер қазақ халқының бай мәдени дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын әлемге танытуға да белсенді үлес қосып келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Соның бір дәлелі ретінде қазақстандық бітімгерлер Ұлыстың ұлы күніне орай спорттық-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстырды. Ұлттық тағамдарға, оның ішінде Наурыз көжеге толы мерекелік дастархан достық пен өзара құрмет рәуішінде өтті.

Сондай-ақ Үндістан, Непал, Уругвай және Фиджи елдерінің бітімгерлік контингенттері қатысқан спорттық жарыстар да тартысты өрбіді. Кедергілер жолағымен эстафета, арқан тарту, қол күресі, кір тасын көтеру сияқты сайыстарда біздің жігіттер жоғары деңгейдегі дене дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетіп, бірінші орынға ие болды.

UNDOF миссиясының ұлттық контингенттері қатысқан бұл іс-шара бітімгерлер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.

Еске сала кетейік, енді әскери қызметшілер қалаған асын таңдап жей алады.