Қазақстанда туберкулез көрсеткіші 10%-ға төмендеді
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан эпидемиологиялық көрсеткіш жақсарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ДСМ-ға сілтеме жасап.
Туберкулездің таралу көрсеткіші 12,8%-ға, сырқаттану көрсеткіші 9,9 %-ға азайды. Ал өлім-жітім көрсеткіші 10%-ға төмендеді.
Емдеу тиімділігі де артты. Дәріге төзімді туберкулезден жазылу көрсеткіші 85,3%-ға дейін жоғарылады, бұл көрсеткіштер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарынан жоғары. Белсенді туберкулезбен ауыратын науқастар саны 15%-ке азайды.
Елімізде туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді.
Туберкулезді ерте диагностикалаудың заманауи әдістері енгізілген. GeneXpert аппараты арқылы жүргізілетін зерттеу нәтижесі 2 сағат ішінде дайын болады.
Жыл сайын науқастардың 95%-дан астамы әлеуметтік қолдаумен қамтылады.
Еске сала кетсек, медициналық кітапшаларды бақылау цифрлық форматқа ауыстырылды.