18.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда шорт-тректен әлем чемпионаты өтеді

|
Photo: olympic.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда шорт-тректен әлем чемпионаты өтеді

|
Photo: olympic.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Астанаға жұмыс сапарымен келген Халықаралық конькишілер одағының (ISU) конькимен жүгіру спорты жөніндегі директоры Хуго Херрнхофпен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кездесу «Алау» мұз сарайында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңі аясында ұйымдастырылды.

Ербол Мырзабосынов пен Хуго Херрнхоф Қазақстандағы конькимен жүгіру спорты мен шорт-тректің қазіргі даму деңгейін, ISU-пен ынтымақтастықты одан әрі нығайту шараларын, сондай-ақ 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпия ойындарына дайындық барысын талқылады.

Министр шорт-тректің Қазақстанда жоспарлы әрі жүйелі дамып жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, биыл Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарында тарихи алтын медаль жеңіп алған еді.

Сонымен қатар биылғы маусымда елімізге жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының екі кезеңін өткізу сеніп тапсырылды. Бұл – еліміздің жоғары ұйымдастырушылық деңгейін және халықаралық аренадағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.

2027 жылы Қазақстанға жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен әлем чемпионатын өткізу мәртебесі берілді. Бұл – еліміздің ұлттық коньки спорты тарихындағы ең ірі оқиға болмақ.

Хуго Херрнхоф «Алау» мұз сарайының жағдайын, жарыстардың ұйымдастырылуын және отандық спортшылардың әлеуетін жоғары бағалап, ISU бағдарламалары аясында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗